Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:

Президенттің жарлығымен Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.
Министрліктің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы туған.
Сүлеймен Демирел атындағы университет (2000-2004) және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты (2004-2006) бітірген.
2004 жылға дейін "NAT" АҚ, "Ізет" ЖШС және басқа да жеке компаниялар қызметкері.
2004 – 2007 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы, Куәландыру орталығы бөлімінің басшысы, мемлекеттік органдарда IT бөлімшелер құру департаменті директорының орынбасары.
"AMANAT-insurance" БК" акционерлік қоғамында ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесші-консультант.
2007– 2010 жылдары Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы;
2010– 2011 жылдары Байланыс және ақпарат министрлігінде (Көлік және коммуникациялар министрлігі) Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары.
2011– 2012 жылдары Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары.
2012 – 2014 жылдары Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы;
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы;
2014 – 2017 жылдары "Қазпошта" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы;
2017– 2018 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы;
2018– 2019 жылдары Bi Group құрылыс холдингі Басқарма төрағасының орынбасары және корпоративтік-венчурлік қордың басшысы;
2019– 2020 жылдары IT кәсіпкер, ReKassa, Tastamat және басқа да IT-стартаптардың негізін қалаушы;
03.2020– 07.2020 жылдары Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі;
07.2020– 09.2020 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары;
02.09.2020 бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2015374-bagdat-musin-cifrlyq-damu-ministrligin-basqaryp-qaldy/