jitsu gif
Саясат

    Абай облысында орман өрті болып жатқан ауданның әкімі ауысты

    Айдар Ибраев
    Айдар Ибраев. Фото: gov.kz

    Абай облысында орман өрті болып жатқан Бородулиха ауданының әкімі ауысты. Ауданның жаңа әкімі болып Айдар Ибраев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

    Ведомство мәліметінше, Бородулиха ауданының активіне жаңа басшыны облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев таныстарған.

    Өңір басшысының аудан активімен кездесуі бір минут үнсіздікпен басталған.

    Облыс әкімдігінің дерегінше, Айдар Маратұлы 1979 жылы 27 мамырда, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақши ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2000 жылы "Дидар" газетінің тілшісі қызметінен бастаған. 2004 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

    Сонымен қатар Айдар Ибраев Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

    2022 жылдың қазан айынан бастап осы күнге дейін Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы лауазымында болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.