jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды

    Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы
    Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы. Фото: t.me/press_Zhetysu_region

    Жетісу облысы әкімінің өкімімен Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы Талдықорған қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Жетісу облысының әкімдігінің ресми сайтының ақпаратынша, Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы 1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрлысшы инженер, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Алматы қаласында "Базис-А корпорациясы" ЖШС-ның учаске шебері болып бастап, осы серіктестікте прораб, учаске бастығы болған.

    Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында түрлі қызметтерде істеді.

    Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

    2022 жылдың тамыз айынан Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

    Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ернат Бәзіл Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

    Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.