jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы
    Қалияр Айтмұхамбетов. Фото: instagram.com/batys_kz

    Қалияр Айтмұхамбетов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы БҚО әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

    "Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы тағайындалды", делінген хабарламада.

    Қалияр Айтмұхамбетов 1969 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін "ғалым- агроном", "заң ғылымдары" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1986 жылы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозында жұмысшы болып бастаған.

    Әр жылдары:

    • Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозы директорының жастармен жұмыс жөніндегі орынбасары, №2 Шоқтыбай бөлімшесінің агрономы;
    • Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;
    • Шыңғырлау ауданы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
    • Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары;
    • Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

    Осы тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі болған.

    Қалияр Айтмұхамбетов жаңа қызметінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

    БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.