jitsu gif
Саясат

    Кемелбек Ойшыбаев "Хабар" агенттігінің төрағасы болды

    Кемелбек Ойшыбаев
    Кемелбек Ойшыбаев. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Кемелбек Ойшыбаев "Хабар Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram арнасында хабарлады.

    Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" мамандығын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған. Швейцарияда Geneva Business School (MBA) оқу орнын бітірген.

    Кемелбек Ойшыбаев "Столичное обозрение - Атамұра" газетінде, "Интерфакс-Казахстан" ақпараттық агенттігі" ЖШС, "Қазақтелеком" АҚ, "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС, "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ, "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ, "Рухани Жаңғыру" Қазақстандық қоғамдық даму институты, Ұлттық Медиа Қауымдастығы т.б. мекемелерде және ондағы бөлімдерде басшылық қызметтер атқарған. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған.

    Кемелбек Ойшыбаев "Хабар" агенттігінің төрағасы болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.