jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкент әкімінің орынбасары тағайындалды

    Айдын Кәрімов
    Айдын Кәрімов. Фото: Шымкент әкімдігінің Facebook парақшасы

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы тағайындалды. Бұл туралы әкімдік Facebook парақшасында хабарлады.

    Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, MNU (Maqsut Narikbayev university) университетін тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары ТЖМ "Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау" РМК, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы" РМК, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында қызмет еткен.

    2012-2016 жылдары Экономикалық даму және сауда министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2016-2017 жылдары — премьер-министр кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

    2017-2019 жылдары — премьер-министр кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – премьер-министрдің хаттама шефі, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

    2019 жылғы 7 қарашада премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    2022 -2023 жылдары Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

    Шымкент әкімінің орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.