jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жанат Тәжиеваның орнына Шымкент қалалық білім басқармасына жаңа басшы келді

    Нұргүл Шәмшиева
    Нұргүл Шәмшиева. Фото: instagram.com/bilim_shymkent

    Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы болып Нұргүл Шәмшиева тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі желідегі ресми парақшасында хабарлады.

    "Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Әкімдіктің мәліметінше, Нұргүл Ақылбекқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, "Тұран-Астана" университетін және президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

    Мамандығы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, психология, менеджмент бойынша да білім алған.

    Еңбек жолының 22 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.

    Соңғы жылдары Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.

    Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қалалық білім басқармасын 2020 жылдан осы уақытқа дейін басқарған Жанат Тәжиева жуырда қызметінен кеткен еді.

    Жанат Тәжиеваның орнына Шымкент қалалық білім басқармасына жаңа басшы келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.