jitsu gif
Саясат

    Алматының экс-әкімі Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы болды

    ЕЭК алқасының төрағасы
    Бақытжан Сағынтаев. Фото: eec.eaeunion.org

    1 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының желтоқсанда бекітілген жаңа құрамы жұмысқа кірісті. Бақытжан Сағынтаев ЕЭК алқасының басшысы болды. Бұл жөнінде ЕЭК-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, ЕЭК алқасының мүшелері (министрлер):

    • ЕЭК-тің өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян;
    • ЕЭК-тің ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян;
    • ЕЭК-тің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович;
    • ЕЭК-тің техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий;
    • ЕЭК-тің кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Эльдар Алишеров;
    • ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты жөніндегі​ министрі Бақыт Сұлтанов;
    • ЕЭК-тің энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев;
    • ЕЭК-тің интеграция және макроэкономика жөніндегі мнистрі Сергей Глазьев;
    • ЕЭК-тің сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

    Айта кетейік, 2022 жылғы 31 қаңтарда Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылған болатын.

    Сол жылы маусым айында Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болды.

    Кейін Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалған еді.

    Алматының экс-әкімі Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.