jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады

    Қайрат Бижанов
    Қайрат Бижанов. Фото: gov.kz

    Қайрат Бижанов Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Жақиянұлы Бижанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

    "Параграф" ақпараттық-іздестіру жүйесінің сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Бижанов Қайрат Жақиянұлы 1969 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

    Қостанай ауыл шаруашылығы институтын және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген.

    Әр жылдары Жамбыл және Ақтөбе облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерін басқарды.

    Қаржы полициясы, прокуратура және Жоғарғы сот органдарында өзге де басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

    2019 жылдың маусымынан Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.

    Сондай-ақ Қайрат Бижанов Бас прокуратура Ішкі тергеу департаменті бас прокурорының аға көмекшісі, Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

    Жаңа қызметке ауысқанға дейін Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметін атқарған.

    Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.