jitsu gif
Саясат

    Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

    Серік Төленбергенов
    Серік Төленбергенов. Фото: gov.kz

    Үкімет қаулысымен Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

    Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов 1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищесін, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америкалық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 

    Еңбек жолын 1995 жылы жеке ұйымда бухгалтер болып бастаған.

    1997-1998 жылдары Қаржы министрлігі Семей облысы және Өскемен қаласы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеді.

    2000 жылдан 2009 жылға дейін — жеке құрылымдарда еңбек етті.

    2009-2010 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім басшысы.

    2010-2011 жылдары — Риддер қаласы әкімінің орынбасары.

    2011-2012 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

    2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

    2013-2014 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

    2016-2019 жылдары — басқарма басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

    2019-2020 жылдары — "Бәйтерек" ҰБХ басқарма төрағасының кеңесшісі.

    2021-2022 жылдары жеке құрылымда жұмыс істеді.

    2022-2023 жылдары — коммуналдық кәсіпорын директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты.

    2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Абай облысы әкімдігі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.