jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысының полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

    Негмет Исмағұлов
    Негмет Исмағұлов. Фото: polisia.kz

    Негмет Исмағұлов Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ақпараттық медиа порталы сілтеме жасап хабарлайды.

    Медиа порталдың жазуынша, Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшы құрамына департаменттің жаңа бастығын Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырған.

    Негмет Исмағұлов ішкі істер органдарында 1995 жылғы маусымнан бастап қызмет етіп келеді. Әр түрлі басшылық қызметтер атқарған.

    Бұған дейін Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болған. Президент жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

    Сондай-ақ Айдар Сайтбеков ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылық құрамына академияның жаңа бастығын таныстырған. Академияны енді Санжар Әділов басқарады.

    Әділов Санжар Әскенұлы ішкі істер органындағы қызметін 1999 жылы бастаған. ІІО-да басшылық қызметтерде жұмыс істеген. 2019 жылы ІІМ тергеу департаментінің бастығы, 2023 жылдың мамырынан бастап Қарағанды облысының ПД бастығы лауазымында болған.

    Қарағанды облысының полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.