Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаевты қызметінен босатты
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Айдос Рысбаев ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.
Ішкі істер министрлігі ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Рысбаев Айдос 1974 жылы 11 наурызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған. Мамандығы – заңгер
Еңбек жолын Ақмола қаласы ІІБ Шығыс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше инспекторы болып бастаған.
Айдос Рысбаев әр жылдары Астана қаласы ІІБ Алматы ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, Астана қаласы ҚІІБ Алматы ауданы ІІБ тонау және қарақшылықты ашу бөлімшесінің жедел уәкілі, Астана қаласы ҚІІБ Алматы ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы, тергеу бөлімінің бастығы, Астана қаласы Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласы ІІД "Сарыарқа" ауданы полиция басқармасының бастығы, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары, ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.
2023 жылғы 16 қарашада мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2175846-toqaev-ishki-ister-ministrining-bir-orynbasaryn-qyzmetinen-bosatty/