jitsu gif
Саясат

    Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі тағайындалды

    Костюмдегі ер адам
    Шенеунік. Көрнекі фото: pexels.com

    Президент Әкімшілігі және Төлеби ауданы мәслихаты депутаттарының келісімдері бойынша Түркістан облысы әкімінің өкімімен Төлеби ауданының әкімі болып Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жаңа әкімді аудан активіне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары жаңа әкімнің канидатурасына қолдау білдірді.

    Облыс әкімі жаңадан тағайындалған аудан әкіміне басты назар аударып, атқаруды қажет ететін бірқатар мәселелер міндеттеді.

    "Бүгін аудандық мәслихатының сессиясына Төлеби ауданы әкімі қызметіне жаңа кандидатура ұсынылып, депутаттар тарабынан қолдау тауып отыр. Біздің басым бағыттарымыз белгілі. Ол – өндіріс орындары мен зауыттар ашу, инвестиция тарту. Оған қоса Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту керек.

    Мүмкіндік мол. Жұмысты ширату керек. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік және басшылық қызметтерде шыңдалған Еркеғали Амантайұлы бұл бағытта жүйелі іс атқарады деп сенемін. Ауданның даму жоспарын нақтылап, жалпы өнім көлемін, өзіндік кірістерді арттыру керек", – деді Дархан Сатыбалды.

    Айта кетейік, Еркеғали Әлімқұлов 1981 жылы, 6 маусымда Төлеби ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандықтары: кеден ісі, құқықтану, экономика. Еңбек жолын 2003 жылы жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі аймақтық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру басқармасында жетекші маман ретінде бастаған.

    ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінде, Бәсекелестікті қорғау агенттігінде жұмыс істеген. Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, Парламент Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры, AMANAT партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары болды.

    2022 жылы Астана қаласы әкімдігінің "Astana" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болды. 2023 жылдың қаңтар айынан бері Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

    Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.