Саясат

Зектілері

Алматы облысы полиция департаменті бастығының жаңа орынбасарлары тағайындалды

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Полиция подполковнигі Ақылбек Төлеуов пен полиция полковнигі Нұржан Байқұлов Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция подполковнигі Ақылбек Төлеуов Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ақылбек Төлеуов 1982 жылы туған. Оның екі жоғары білімі бар: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін және ҚР ІІМ Академиясын бітірген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 2005 жылы бастаған. Осы уақытқа дейін осы ведомствода ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы қызметін атқарды.

"Жеке құрамға ұсынылған кезде облыстық полиция департаментінің бастығы қазіргі заманғы сын-қатерлер полициядан жоғары саналылықты ғана емес, сонымен қатар жұмыста инновациялық тәсілдерді қолдануды талап ететінін атап өтті. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды енгізу тәртіп сақшылары қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру стратегиясының маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Нұржан Байқұлов Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Нұржан Байқұлов 1977 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген, экономика және заң ғылымдарының магистрі. Ішкі істер органдарында қызметін 1996 жылы бастады, түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Осы уақытқа дейін Алматы облысы полиция департаменті тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы қызметін атқарды.

"Полковник Байқұловтың жеке құрамға ұсынуы кезінде ведомство бастығы полиция қызметкері үшін ең бастысы – Отанға деген сүйіспеншілік, жоғары сана және қызметтік борышын орындағаны үшін жауапкершілік екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2187552-almaty-oblysy-politsiia-departamenti-bastygynyng-zhanga-orynbasarlary-tagaiyndaldy/