Саясат

Зектілері

Астанада екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

Жарияланған күні:

Рустам Тәуекелов
Рустам Тәуекелов. Фото: t.me/astana_newss

Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша елордадағы екі ауданға жаңа әкімдер тағайындалды. Бұл туралы әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елорда әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, 39 жастағы Рустам Тәуекелов Алматы ауданының әкімімі болып тағайындалды.

Ол еңбек жолын ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бастаған.

Әр жылдары "Балкантау KZ" ЖШС басшысы, "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС директорының орынбасары, "City Transportation Systems" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

2022 жылдың қазан айынан бастап "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС басшысы қызметін атқарды.

Алматы ауданының жаңа тағайындалған әкіміне аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеліп отыр.

Ал Сарайшық ауданының әкімі болып Мақсат Саматұлы тағайындалды. Ол бұған дейін Алматы ауданының әкімі қызметін атқарған.

Мақсат Саматұлы
Мақсат Саматұлы. Фото: t.me/astana_newss

Мақсат Саматұлы еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары "Астана қалалық коммуналдық шаруашылық", Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде және т.б. жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап 2019 жылдың мамырына дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда болды. 2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Сарайшық ауданы әкіміне аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндет жүктелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2188763-astanada-almaty-audanynyng-akimi-tagaiyndaldy/