jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Досұлан Айтбаев
    Досұлан Айтбаев. Фото: t.me/Aqmola_region

    Досұлан Айтбаев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңір әкімдігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігімен келісім бойынша Ақмола облысы әкімінің бұйрығымен Досұлан Айтбаев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Досұлан Айтбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану магистрі. Мемлекеттік қызметте 17 жылдық еңбек өтілі бар.

    Еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастаған.

    Қостанай облысы әкімі аппараты мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінде түрлі жауапты қызметтер атқарған.

    Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында болған.

    Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің де жаңа орынбасары тағайындалған еді.

    Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.