jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаевтың жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

    Руслан Желдібай
    Руслан Желдібай. Фото: akorda.kz

    Қазақстан президентінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Ол президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылған.

    Айта кетейік, Руслан Желдібай бұған дейін де яғни 2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

    Ақорданың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Руслан Желдібай 1989 жылы дүниеге келген.

    2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Уорик университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған.

    2011-2012 жылдары – "Қазақстан" ұлттық телеарнасында редактор;

    2012-2018 жылдары – "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер;

    2018-2019 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы;

    2019-2020 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті  төрағасының орынбасары;

    2020 жылғы мамырдан 2022 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

    2022 жылғы ақпаннан сәуірге дейін – Қазақстан премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары;

    2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

    2023 жылғы 5 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы болып, ал 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы болған Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.