Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарларын ауыстырды
Жарияланған күні:

Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды.
Лугмар Буларов пен Юрий Шин бұл қызметке 2024 жылғы сәуірде тағайындалған еді.
Олардың орнына Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович тағайындалды.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІV сессиясы 2025 жылғы 23-24 сәуір күндері Астана қаласында өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2236508-qazaqstan-halqy-assambleiasy-toragasynyng-zhanga-orynbasarlary-tagaiyndaldy/