jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астананың Сарыарқа ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Жанасыл Шаукентаев
    Жанасыл Шаукентаев. Фото: Астана қаласының әкімдігі

    Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі болып, Жанасыл Шаукентаев тағайындалды, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Астанада Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының экс-орынбасары Жанасыл Шаукентаев кірісті", - делінген әкімдіктің Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

    Жанасыл Шаукентаев 2014 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарған: қаланың Жер қатынастары басқармасы, қала әкімінің аппараты, қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және т.б.

    Кейінгі жылдары "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының орынбасары болған.

    Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеген.

    Астананың Сарыарқа ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.