jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі төтенше және өкілетті елшісін тағайындады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мемлекет басшысының жарлығымен:

    Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

    Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

    Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

    Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Шри-Ланкадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін Нұрлан Жалғасбаев атқарған еді. Ол Қазақстанның Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

    Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.