Қазақстанның су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
Опубликовано:

Болат Бекнияз cу ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Болат Қабыкенұлы Бекнияз зейнет жасына толуына байланысты ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Болат Бекнияз бұл қызметке 2023 жылғы 26 қазанда тағайындалған еді.
Болат Бекнияз 1962 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, президент жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, В.О. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1984 жылы ҚазССР ғылым академиясының Еңбек қызыл Ту ордені Қ.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының инженері болып бастаған.
1986-1999 жылдары – ҚазССР ғылым академиясының Еңбек қызыл Ту ордені Қ.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері.
1999 жылы – Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің бас маманы.
1999 жылдан 2002 жылға дейін – Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдарында сектор меңгерушісі, сектор бастығы, бөлім басшысы, басқарма бастығы.
2002 жылдан 2010 жылға дейін – Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдарында басқарма басшысы, директордың орынбасары, департамент директоры.
2010-2012 жылдары – "Еуразиялық су орталығы" ҮЕҰ АҚ директорының ғылым жөніндегі орынбасары.
2013 жыл – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы инспекторының міндетін атқарушы, Қоршаған ортаны қорғау министрінің су мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу департаментінің директоры.
2013-2014 жылдары – Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.
2014-2016 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
2016-2023 жылдары Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясының директоры болған.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2244150-bolat-bekniiaz-cu-resurstary-zhane-irrigatsiia-birinshi-vitse-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/