jitsu gif
Саясат

    Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    Шархан Тұрсынбаев
    Шархан Тұрсынбаев. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы лауазымына Шархан Тұрсынбаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Шархан Шаймерденұлы Тұрсынбаев Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Қазақстан Халықтар достығы университетін бітірген.

    Кәсіби мансабын 2010 жылы Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы болып бастаған.

    Кейінгі жылдары Әуезов және Наурызбай аудандары әкімдерінің аппараттарында түрлі қызметтер атқарған.

    2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

    2019 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, аппарат басшысы болған.

    Осы тағайындауға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.