jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Қазақстанның БАӘ мен Эфиопиядағы жаңа елшілерін тағайындады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БАӘ мен Эфиопиядағы жаңа елшілерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдерін тағайындады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

    Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті е Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

    Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

    Рауан Әбдіманапұлы Жұмабек Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

    Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

    Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.