jitsu gif
Саясат

    Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы тағайындалды

    Тимур Қосымбаев
    Тимур Қосымбаев. Фото: primeminister.kz

    Тимур Қосымбаев Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Тимур Ернатұлы Қосымбаев Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Тимур Қосымбаев 1989 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Лестер Университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2011 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Республикалық бюджеттің шығыстарын бақылау бөлімінде іс жүргізушісі болып бастаған.

    2011-2019 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті құрылымында түрлі лауазымды қызмет атқарған.

    2019-2022 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасы Қаржы-экономикалық бөлімінде бюджеттік қаржыландыру секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген.

    2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.