"Қазпоштаның" бұрынғы басшысы Әсел Жанасова Тоқаевтың кеңесшісі лауазымына тағайындалды
Опубликовано:

"Қазпошта" АҚ-ның бұрынғы басшысы Әсел Жанасова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалды. Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы "ENRC Kazakhstan" өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастады.
2016-2017 жылдары — "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрайымы.
2018-2020 жылдары — "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.
2020 жылдың 20 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министрі
2022 жылғы 3 қазаннан бастап "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен «Қазпошта» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2253213-qazposhtanyng-buryngy-basshysy-asel-zhanasova-toqaevtyng-kengesshisi-lauazymyna-tagaiyndady/