jitsu gif
Саясат

    Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі тағайындалды

    Нұрлан Алдамжаров
    Нұрлан Алдамжаров. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Үкімет қаулысымен Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Нұрлан Жанұзақұлы 1975 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген.

    Ташкент инженерлік ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау институтын бітірген.

    Еңбек жолын 1999 жылы "Ташоблмелиоводстрой" трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтаждаушы, шебері болып бастаған. 

    2002-2008 жылдары Ташкент және Шымкент қалаларының коммуналдық кәсіпорындарында түрлі қызмет атқарған.

    2008-2012 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстарын реттеу және қорғау бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы, бас маманы.

    2012-2014 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы, басқарма басшының орынбасары.

    2015 жылы ОҚО ТКШ және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы болып тағайындалған.

    2015-2016 жылдары – "Нұр Отан" партиясы орталық аппаратының Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары, Партиялық бақылау қызметінің басшысы.

    2016 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Су ресурстары комитеті "Қазсушар" РМК-ның гидротехникалық құрылыс бөлімінің жетекші маманы болған.

    2016-2018 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

    2018-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігі Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы.

    2020-2023 жылдары – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы.

    2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметін атқарған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.