"Қазпошта" АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы тағайындалды
Опубликовано:

"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болып Бекежан Искандарұлы Жәкеев тағайындалды, деп хабарлайды ұлттық операторға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазпошта" АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, Бекежан Жәкеевтің құқық, қаржы және инвестиция салаларында 22 жылдық тәжірибесі бар. Ол банк және заң салаларында басқарушылық қызметтер атқарған.
Бұған дейін "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ-тың басқарма төрағасының орынбасары болған.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазпоштаның" бұрынғы басшысы Әсел Жанасова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі лауазымына тағайындалған еді.
Ол "Қазпошта" АҚ-ны 2022 жылғы қазаннан 2025 жылғы маусымға дейін басқарды.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2254203-qazposhta-aq-nyng-zhanga-basqarma-toragasy-tagaiyndaldy/