Шымкенттің әл-Фараби ауданына жаңа әкім тағайындалды
Опубликовано:

Шымкенттегі әл-Фараби ауданының әкімі болып Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қала әкімдігінің Instagram желісіндегі жарияланған ақпаратқа сүйенсек, әл-Фараби ауданының жаңа әкімі Маратбек Мықтыбеков осыған дейін Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған.
Маратбек Мықтыбековтың екі жоғары білімі бар. Ол 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Дене шынықтыру" мамандығы, кейін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын білім беру саласында бастаған. 2000-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып жұмыс істеген. Кейін бірнеше жыл бойы жеке компанияларда қызмет еткен.
Сондай-ақ Маратбек Мықтыбеков күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығын басқарған, Бокс және дзюдо федерацияларында кеңесші, атқарушы директор және бас қазынашысы болған.
Бұдан бөлек, ол "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК басшысы, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласындағы Қаратау ауданына да жаңа әкім тағайындалған еді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2254368-shymkentting-al-farabi-audanyna-zhanga-akim-tagaiyndaldy/