Тоқаев Ауғанстан бойынша арнайы өкілін тағайындады
Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еркін Тұқымовты жаңа қызметке тағайындады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Еркін Тұқымов Қазақстан президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды.
Ол бұл институтты 2022 жылғы қаңтардан бері басқарып келді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2255793-qazaqstan-prezidentining-auganstan-boiynsha-arnaiy-okili-tagaiyndaldy/