jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Марат Сұлтанғазиев және Бақытнұр Бақытұлы
    Марат Сұлтанғазиев және Бақытнұр Бақытұлы. Фото: t.me/almatregion

    Алматы облысы әкімінің өкімімен Бақытнұр Бақытұлы 2025 жылғы 24 маусымнан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Облыс әкімдігінің мәліметінше, Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.

    2008 жылы – "Нархоз" университетін "қаржы" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы Швейцарияда American Graduate School of Business мектебін "іскерлік әкімшілендіру" мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын "құқықтану", 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті, "мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2006 жылы "АТФ Банк"-те бастаған. Әр жылдары мемлекеттік және банк саласында, партиялық оқыту мен халықаралық жобаларда, агросектор мен өңірлік даму бағыттарында бірқатар жауапты қызмет атқарған.

    Соңғы жылдары Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Жетісу облысы әкімінің аппаратында және басқармаларында жетекші лауазымдарда еңбек етті. 2024 жылдан бері Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.