Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Опубликовано:

Қызылорда қаласының әкімі орынбасары болып Нұрмағанбетов Арнұр Әлібекұлы тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, қала әкімі Нұржан Ахатов жаңа орынбасарын кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында таныстырған.
"Арнұр Әлібекұлы – мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, сатылап өскен білікті де, тәжірибелі маман. Тапсырманы тиянақты орындайтын жауапкершілігі мол азамат. Сондықтан әлеуеті жоғары кадр ретінде өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін", - деді Нұржан Ахатов.
Арнұр Әлібекұлы 1985 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану", "Экономика", Болашақ университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2013-2014 жылдары Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2007 жылы "Қызылорда су шаруашылығы" мекемесінде инженер-жобалаушы болып бастаған.
2008-2017 жылдары Қызылорда облысының құрылыс басқармасының "Құрылысы салынып жатқан газбен жабдықтау объектілерінің дирекциясы" мекемесінде менеджер, облыстық құрылыс басқармасының бас маман, бөлім басшысы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің консультанты, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2260011-qyzylorda-qalasy-akimining-orynbasary-tagaiyndaldy/