Экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды
Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты жаңа қызметке тағайындады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 8 маусымда Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.
Кейін кейбір БАҚ пен Telegram-арналарда оның ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Экс-министр бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Кейінірек жалған ақпараттың таралуына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2260656-eks-qorganys-ministri-ruslan-zhaqsylyqov-zhanga-qyzmetke-tagaiyndaldy/