jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысында лауазымды қызметке тағайындалды

    Айжан Есмағамбетова
    Айжан Есмағамбетова. Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

    Еліміздің бұрынғы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Президент әкімшілігінің келісіміне және Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (әлеуметтік жұмыс бойынша) болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Айжан Серікбайқызы 1972 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін "Санитария, гигиена және эпидемиология", 2005 жылы "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін "Қоғамдық денсаулық сақтау" және 2008 жылы Almaty Management University-ін "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасының фельдшер-зертханашысы болып бастаған.

    Әр жылдары Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станциясының эпидемиолог-дәрігері, Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінде жетекші маман, бас маман, сарапшы, басқарма басшы қызметтерін атқарған. 

    Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары, дәрігері, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры, Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бөлім басшысы болып еңбек еткен.

    Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау, Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменттерінің директоры, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болған.

    2024 жылғы шілде айынан бастап жаңа қызметіне дейін Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК басқарма төрағасы қызметін атқарған.

    Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысында лауазымды қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.