Бақытбек Сыдықов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытбек Сыдықовты Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Бақытбек Сыдықов Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Ол 1969 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген.
Владикавказ жоғары жалпы әскери командалық училищесін, Бронды әскерлердің әскери академиясын, Ұлттық қорғаныс университетінің әскери және мемлекеттік басқару факультетін тәмәмдаған.
Әскери шені: генерал-майор, ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.
Әр жылдары әскери бөлімдерде, ҚР ҚК БШ Қару-жарақ департаментінде, ҚР ҚК Қару-жарақ бас басқармасында, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының біріккен штабында қызмет атқарған, сондай-ақ ҚР ҚК Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану бас басқармасының бөлім бастығы, бас басқарма бастығының орынбасары – ҚР ҚК Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану бас басқармасының штаб бастығы болған.
2007-2009 жылдары – "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (қару-жарақ жөніндегі) орынбасары.
2009-2011 жылдары – ҚР ҚК Қару-жарақ бас басқармасының бастығы.
2011-2013 жылдары – Ұлттық қорғаныс университеті ӘМБ факультетінің тыңдаушысы.
2013-2016 жылдары – "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (қару-жарақ жөніндегі) орынбасары.
2016- 2017 жылдары – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының (материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі) орынбасары.
2017-2019 жылдары – ҚР ҚМ Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы.
2019-2021 жылдары – "Шығыс" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы қолбасшысының орынбасары.
2021-2022 жылдары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы – Тыл және қару-жарақ бастығының бірінші орынбасары.
2022-2023 жылдары – ҚР ҚК Қару-жарақ бастығы.
2023 жылғы маусымнан бастап бүгінге дейін Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2265198-toqaev-baqytbek-sydyqovty-qorganys-ministrining-orynbasary-lauazymynan-bosatty/