jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Әскери-әуе күштерінің қолбасшысын ауыстырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысын ауыстырды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ғадылшаұлы Ізбасов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Бұл қызметті атқарған Руслан Зарлықұлы Қоңыров лауазымынан босатылды.

    Ол бұл лауазымға 2022 жылғы 26 қыркүйекте тағайындалған еді.

    Қорғаныс министрлігі ұсынған мәлімет бойынша, Әскери-әуе күштерінің жаңа қолбасшысы Асқар Ізбасов 1973 жылы 9 шілдеде Орынбор облысы Құрманаев ауданы Костино ауылында дүниеге келген.

    Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесін, Беларусь Республикасының Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

    Қазақстан әскерінің сапында авиациялық буын ұшқышынан ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасарына дейінгі жолдан өткен.

    2024 жылдың желтоқсанында президент жарлығымен оған "авиация генерал-майоры" әскери атағы берілген.

    Сондай-ақ әскери борышын адал орындағаны үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.

    Тоқаев Әскери-әуе күштерінің қолбасшысын ауыстырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.