jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасына жаңа басшысы келді

    Батырхан Сүлейменов
    Батырхан Сүлейменов. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына Батырхан Сүлейменов тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Батырхан Сүлейменов 2015 жылы Ұлыбританиядағы Кардифф Метрополитен университетін "менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің құрылыс магистрі.

    Еңбек жолын 2014 жылы халықаралық Deloitte аудиторлық ұйымында бастаған.

    Әр жылдары коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2017 жылы құрылыс компаниясының бас директоры, 2020-2024 жылдары Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болған.

    2024-2025 жылдары Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасының басшысы міндетін атқарған.

    Алматының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасына жаңа басшысы келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.