jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жеңіс Қасымбектің экс-кеңесшісі Алматы әкімдігінде лауазымды қызметке тағайындалды

    Алмас Жаңбыршы
    Алмас Жаңбыршы. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қызметіне Алмас Жаңбыршы тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алматы әкімдігінің мәліметінше, Алмас Жаңбыршы 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2003 жылы сәулетші болып бастаған. 2005-2018 жылдар аралығында Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

    2018-2019 жылдары "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС директоры болған.

    2019-2021 жылдары Астана қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    2021-2022 жылдары "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС директоры атанған.

    2022-2023 жылдары Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болған.

    Осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

    Жеңіс Қасымбектің экс-кеңесшісі Алматы әкімдігінде лауазымды қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.