jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков
    Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков. Фото: gov.kz

    Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Облыстық әкімдіктің мәліметінше, Руслан Кенжебеков жаңа қызметінде агроөнеркәсіптік кешен, ветеринария және табиғи ресурстарды пайдалану салаларына жетекшілік етеді.

    Руслан Кенжебеков Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылында дүниеге келген. 2002 жылдан бері мемлекеттік қызметте.

    Еңбек жолын Абай ауданы әкімінің аппаратында бастаған. Кейін Қарағанды облысының Әділет департаментінде әртүрлі лауазымдарды атқарған. Сондай-ақ облыстық монополияға қарсы инспекцияны, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментін басқарған.

    Бұдан бөлек, Президент әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде кеңесші болған.

    2023-2024 жылдары Ақтоғай ауданының әкімі, кейін Премьер-министр кеңсесінің Өңірлік даму және бақылау бөлімінде өңірлік инспекторы қызметін атқарған.

    2024 жылдың қыркүйегінен бастап жаңа тағайындауға дейін "ORKENDEU бизнес пен инфрақұрылымды дамыту қауымдастығы" ЗТБ жанындағы Монополияға қарсы саясат комитетін басқарған.

    Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.