Бұрынғы ТЖ министрі Юрий Ильиннің ұлы лауазымды қызметінен кетті
Опубликовано:
Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин KMG PetroChem ЖШС-ның басқарма төрағасы қызметінен кетті. Оның орнына Диаз Диянов тағайындалған, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаздың" Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, ұжымға жаңа басшыны "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулғафаров таныстырған.
Диаз Мұхтарұлы Диянов 1983 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Оның кәсіби тәжірибесі 20 жылдан астам уақытты қамтиды, соның 15 жылы "ҚазМұнайГаз" компаниялар жүйесінде өткен. Әр жылдары "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ, "ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС және KPI Inc. ЖШС-да еңбек еткен.
Диаз Диянов осы тағайындауға дейін KMG PetroChem ЖШС-нің бизнесті дамыту жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болған.
KMG PetroChem ЖШС-ның ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 2024 жылғы желтоқсаннан бастап KMG PetroChem ЖШС-ның басқарма төрағасы қызметін Игорь Ильин атқарған. Игорь Ильин – бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ұлы.
Юрий Ильин 2020-2023 жылдары еліміздің төтенше жағдайлар министрі болды. 2023 жылғы 10 маусымда қызметінен босатылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2269677-buryngy-tzh-ministri-iurii-ilinning-uly-lauazymdy-qyzmetinen-ketti/