jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Айдар Әбілдабеков сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды

    Айдар Әбілдабеков
    Айдар Әбілдабеков. Фото: t.me/ukimet_points

    Айдар Әбілдабеков сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Үкіметтің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген.

    Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Еңбек жолын 1996 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

    1998-2009 жылдары кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы болып қызмет атқарған.

    2010-2022 жылдары статистика органдарында жұмыс істеген: Статистика агенттігінің Қызмет статистикасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті бастығының орынбасары болды, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы, Алматы қаласы бойынша Статистика департаменттерін басқарды.

    2022 жылдың ақпан айынан 2023 жылдың шілдесіне дейін Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

    2023 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

    Айдар Әбілдабеков сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.