jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Болашақ" түлегі СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Нұрлан Кеңесов
    Нұрлан Кеңесов. Фото: instagram.com/sko_akimdik

    Президент әкімшілігінің келісімімен және СҚО әкімінің өкімімен Кеңесов Нұрлан Маратұлы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа лауазымда Нұрлан Кеңесов құрылыс, сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мәселелерге жауап береді.

    Нұрлан Кеңесов "Болашақ" бағдарламасының түлегі.

    Әр жылдары Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті басқармасының басшысы, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

    Сондай-ақ Тимирязев ауданының әкімі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Көлік министрлігі департаменттерінің директоры болған.

    Осы тағайындауға дейін Президент әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеген.

    "Болашақ" түлегі СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.