jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Олжас Нұралдинов мәжілістің жаңа депутаты болды

    Олжас Нұралдинов
    Олжас Нұралдинов. Фото: t.me/peruash

    Олжас Нұралдинов мәжілістің жаңа депутаты атанды, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Олжас Нұралдинов өкілеттігін тоқтатқан "Ақ жол" партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаевтың орнына келген.

    Бүгін ол мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Қаржы және бюджет комитетінің құрамына сайланды.

    Айта кетейік, бұған дейін Ержан Бейсенбаев өкілеттігін тоқтату туралы өтініш бергенін жазған едік.

    Партия төрағасы Азат Перуашев оның өтініші қанағаттандырылып, мәжіліс депутатының босаған мандатын партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұрлдиновқа тапсыру туралы шешім қабылданғанын хабарлаған болатын.

    Партияның ресми сайтындағы ақпарат бойынша Олжас Нұрлдинов 1989 жылы 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауылында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ әскери кафедраны тәмәмдаған. Запастағы лейтенант шені бар.

    Нұрлдинов Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты болған. Бүгін таңда "Ақ жол" ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің III, IV шақырылымдарының мүшесі.

    Сондай-ақ "Eurasia Med Денсаулық орталығы" ЖШС негізін қалаушы әрі "СИНЭК" ЖК басшысы.

    Олжас Нұралдинов мәжілістің жаңа депутаты болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.