Еділ Оспан оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды
Опубликовано:
Еділ Оспан басқа Қазақстанның оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Үкімет қаулысымен Еділ Сабырұлы Оспан басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Еділ Оспан 2023 жылғы ақпанда оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалған еді.
Сондай-ақ кеше, 4 қыркүйекте үкімет қаулысымен Ержан Нұрлыбаев та денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды.
Ол бұл лауазымға 2024 жылғы 15 шілдеде тағайындалған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2282709-edil-ospan-oqu-agartu-vitse-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/