jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаевтың баспасөз хатшысы кейінгі кадрлық ауыс-түйіске қатысты түсініктеме берді

    Портфель ұстап келе жатқан ер адам
    Портфель ұстап келе жатқан ер адам. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай елімізде кейінгі күндері болып жатқан кадрлық ауыс-түйіске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Руслан Желдібайдың Telegram-дағы арнасында жазуынша, кейінгі кадрлық өзгерістерге байланысты БАҚ өкілдерінен көптеген сауал келіп жатыр.

    "Ең алдымен, мына мәселені баса айту керек, бұл – әдеттегі кадрлық ротация. Негізгі мақсат – мемлекеттік жүйедегі ең маңызды бағыттардың тиімділігін күшейту.

    Мемлекет басшысы жуырдағы жолдауында ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыруды басым міндеттің бірі ретінде белгіледі", - деді ол.

    Руслан Желдібайдың айтуынша, бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелген.

    "Президенттің көмекшісі ретінде ол халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерімен, сондай-ақ әлемдік ірі компаниялардың жетекшілерімен байланысты дамытады.

    Мемлекет басшысының жарлығымен Жаслан Мәдиев премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Ведомство басшысы жолдауда айтылған Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі мақсатты іске асырумен шұғылданады. Президент министрге стратегиялық маңызы зор жұмысты атқаруға қатысты бағыт-бағдар берді.

    Сонымен қатар премьер-министрдің келісімі бойынша мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованы оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындау туралы шешім қабылданды. Жаңа министр қоғамдағы белсенді қызметімен және білім беру саласындағы мол тәжірибесімен белгілі", - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

    Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада мемлекет басшысы Қанат Шарлапаевты, Тамара Дүйсенованы және Ержан Қазыханды президенттің көмекшісі лауазымынан, Ернар Баспаевты, Күнсұлу Закарияны және Зүлфия Сүлейменованы президенттің кеңесшісі лауазымынан босатты.

    Сондай-ақ Мұрат Нұртілеуді еліміздің сыртқы істер министрі лауазымынан босатып, оның орнына премьер-министрдің орынбасары болған Ермек Көшербаевты тағайындады.

    Бүгін кадрлық ауыс-түйіс жалғасып, президент Жаслан Мәдиевты премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, Жұлдыз Сүлейменованы оқу-ағарту министрі етіп тағайындады.

    Тоқаевтың баспасөз хатшысы кейінгі кадрлық ауыс-түйіске қатысты түсініктеме берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.