Қазақстанның бірнеше облысында прокурорлар ауысты
Опубликовано:
Қазақстанның бірнеше облысында прокурорлар ауысты. Сондай-ақ Бас көлік прокуроры да ауысты, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, президенттің келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен:
- Аға әділет кеңесшісі Нұрбек Ұласбекұлы – Батыс Қазақстан облысының прокуроры;
- Аға әділет кеңесшісі Серікқали Құшалиев Маңғыстау облысының прокуроры болып тағайындалған.
Сондай-ақ мемлекет басшысының келісімі бойынша бірқатар аумақтық прокурорлардың ротациясы жүргізілген. Оған сәйкес:
- Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры;
- Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы – Бас көлік прокуроры;
- Басшыбаев Мадияр Бекенұлы – Атырау облысының прокуроры;
- Әбілов Берік Рақатұлы – Жамбыл облысының прокуроры;
- Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы – Жетісу облысының прокуроры;
- Сексембаев Марат Исламханұлы – Қостанай облысының прокуроры;
- Байшолақов Алмат Мұратұлы – Павлодар облысының прокуроры;
- Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше мемлекет басшысының өкімімен Жандос Өмірәлиев Бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2291910-qazaqstannyng-birneshe-oblysynda-prokurorlar-auysty/