jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Шынар Ақпарова оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

    Шынар Ақпарова
    Шынар Ақпарова. Фото: primeminister.kz

    Қазақстанда жаңа оқу-ағарту министрі тағайындалды. Лауазымды қызметке Шынар Ақпарова келді, деп үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шынар Қуанышқызы Ақпарова оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген үкіметтің ресми хабарламасында.

    Шынар Ақпарова 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

    • 2001–2010 жылдары — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, №135 Атасу негізгі мектебі, Атасу стансасы.
    • 2010–2011 жылдары — әдіскер, Қарағанды қаласының №26 кәсіптік лицейі, Қарағанды қаласы.
    • 2011–2012 жылдары — аға әдіскер, Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы Білім басқармасының "Сарыарқа дарыны" өңірлік оқу-әдістемелік орталығы" КМҚК, Қарағанды қаласы.
    • 2012–2013 жылдары — жетекші маман, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, Қарағанды қаласы.
    • 2013–2018 жылдары — бас маман, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, Қарағанды қаласы.
    • 2018–2020 жылдары — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, Қарағанды қаласы.
    • 2020–2023 жылдары — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.
    • 2023–2025 жылдары — ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.
    • 2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
    Шынар Ақпарова оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.