jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Асқар Мұстабеков
    Асқар Мұстабеков.Фото: instagram.com/prokadrykz

    Асқар Мұстабеков қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетелік, бұған дейін президент Серік Борамбаевты қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатқан еді.

    Ал Асқар Мұстабеков осыған дейін Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымын атқарды. Бұл қызметке ол 2024 жылғы 22 қаңтарда тағайындалған болатын.

    Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.