Назарбаев қымбат қара лимузинмен Қытайдың бас алаңына келді (фото)
Жарияланған күні:
Си Цзиньпин бүгін қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевты Ұлттық жиындар үйінде қабылдады. Қытайдың басты саяси ғимаратының маңында салтанатты оқиға орын алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстан президенті жеткенше алаңда қызу дайындық жүріп жатты.


Әскерилермен бірге алаңға кішкентай бүлдіршіндерді де әкеліп, олардың қолына гүл шоқтарын ұстатқан. Кейін жеткіншектер Назарбаев келгенде қалай қол бұлғау керктігін бірнеше мәрте қайталады.

Бейжің уақыты бойынша сағат беске екі минут қалғанда дауылпазшылар санаулы секундтарды өткізіп, барабан соға бастады.

Алаңға қара түсті элиталы автокөліктерден құралған кортеж жақындап, Си Цзиньпин ең қымбат көлікке қарай бет алды. Бұл - "Қызыл алау" деп аталатын қара түсті қытай лимузині еді.


Ұзақ жылдар бойы Hongqi автокөліктерін "президентке арналған" деп атаған - бұл ҚХР басшылары ғана жүрген салттың белгісі.

Назарбаев көліктен түсіп, Си Цзиньпиннің қолын қаттырақ қысты - "әріптестер" бір-біріне қарап күлімдеді.

Бұл күлкі салтанатты шараға әр бергендей болды. Мемлекет басшылары жымиған күйі қызыл кілемнің үстімен жүріп өтіп, өзара әңгімелесті.

Кейін Қазақстан президенті қытайлық тараппен, ал қытай басшысы қазақстандық шенеуніктермен амандасты.
"Өзінің" адамдарына жақындаған соң Назарбаев Асқар Маминге сыбырлады.

Одан соң қос ел басшылары қытайлық әскердің орындауындағы әнұранды тыңдап, марш тамашалады және өз тілдерінде айқайлап тұрған кішкентай балалаларға қол бұлғады.





Жерге төселген қызыл кілемнің бағытымен алаңды айналып шыққан Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин келіссөздер үшін ғимаратқа қарай беттеді.
Ал олардың артынан өзге де шенеуніктер мен тілшілер жүгіре бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1736055-nazarbaev-kymbat-kara-limuzinmen-kytajdy-bas-alayna-keldi-foto/