Қазақстанда президент сайлауы өтіп жатыр
Бүгін, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтуде. Мемлекеттің ең жоғарғы лауазымына жеті үміткер таласып жатыр. Олар: Қасым-Жомарт Тоқаев, Сәдібек Түгел, Аменгелді Таспиқов, Дәния Еспаева, Төлеутай Рақымбеков, Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосанов. Алдын ала қортындылар 10-11 маусым аралығында белгілі болады, Ал жаңа сайланған президент 16 маусымға дейін тіркелуге тиіс.
Қазақстанда дауыс беру аяқталды

Қазақстанда кезектен тыс перзидент сайлауында дауыс беру аяқталды
Ел тұрғындары болашақ президентті таңдау үшін 9 маусымда таңғы 7-ден бастап дауыс берді. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасты.
Енді Орталық сайлау комиссиясы дауыстарды санауға кіреседі.
Илья Ильин Ұлыбританияда дауыс берді

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем және екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильиннің дауыс беріп тұрған сәті Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің Facebook парақшасында пайда болды.
Ол Лондондағы сайлау учаскесінде дауыс берген.
Алматыда сайлау кезіндегі құқық бұзушылық расталмады

Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беру құпиясының бұзылуы туралы ақпарат расталмаған.
Бұған дейін БАҚ қызметкерінің оңтүстік астанадағы №111 сайлау учаскесінде бір әйелдің дауыс беруге арналған кабинкаға келіп, қандай да бір нұсқау бергеніне куә болғаны хабарланған еді.
Бақылаушы Мәдина Мұғазидың айтуынша, бұл учаскеде құқықбұзушылықтар тіркелген жоқ. Оның айтуынша, бақылаушылар таңертеңнен бастап, барлық болып жатқан оқиғаларды қадағалайды.
Атырау облысының әкімі сайлауда дауыс берді

Нұрлан Ноғаев сайлау учаскесіне жергілікті уақытпен таңғы 9:00-де келіп, болашақ президентке дауыс берді.
"Бүгін күллі ел үшін айтулы күн. Тұрғындардың таңнан бастап белсенділік танытып жатқанына қуаныштымын. Әркім өз таңдауын жасайды. Бірақ біз, сайлаушылар, бәріміз бірдей бейбітшілік пен келісім орнаған, өзін-өзі жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған елде өмір сүргіміз келеді. Бүгін біз сіздермен еліміздің болашағын таңдаймыз", - деді Нұрлан Ноғаев сайлаушыларға.
Сағат 18-00 ге дейін қазақстандықтардың 72,9 %-ы дауыс беріп үлгерген

Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәлімет бойынша, 9 маусым күні кешкі сағат 18:00-де қазақстандықтардың 72,9 %-ы ҚР болашақ президентіне дауыс беріп үлгерген.
Өңірлер бойынша дауыс беруге қатысу көрсеткіші бойынша Алматы облысы көш бастап тұр.
Ресей мен Беларусь бақылаушылары сайлаудың осы сағатта қалай өтіп жатқанын айтты

"Cайлаудың сәтті өтетініне сенімдіміз. Біздің комиссияның үшінші ондығы кетті. Сайлау Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыпты жағдайда өтуде", - деді олар.
АҚШ-тан келген бақылаушы бақылаушылардың санын көріп, таңғалды

АҚШ-тан келген бақылаушы Ричард Уильям Вейц сайлаудағы жергілікті және халықаралық бақылаушылардың саны оны таңдандырғанын айтты.
"Америкада мұндайды көрмедім. Кезеңнің ашық болғаны - жақсы белгі", - деп хабарлады бақылаушы.
Қазақстандықтардың 66%-ға жуығы 16:00-ге дейін дауыс беріп үлгерді

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтеріне сәйкес 16.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 65,9 % сайлау бюллетеньдерін алды.
Павлодарда облыс орталығының ең жас әкімі дауыс берді

Павлодар қаласының 34 жастағы әкімі Әнуар Күмпекеев өзі тіркелген №75-і сайлау учаскесіне келіп, сайлауға қатысты. Ол жұбайымен бірге сайлау учаскесіне алғышқылардың бірі болып келді.
"Сайлау-бұл өте маңызды оқиға. Мен бүгін азаматтық парызымды орындау үшін жұбайыммен бірге дауыс беруге келдім. Павлодар тұрғындары өз таңдауын жасайды деп сенемін", - дейді Павлодар әкімі.
Ақтау әкімі президенттік сайлауда дауыс берді

Қала басшысы өзі тіркелген сайлау учаскесіне келіп, бүкіл Қазақстан үшін тарихи оқиға туралы айтып берді.
"Ақтау тұрғындары әрдайым саяси белсенділік пен азаматтық ұстанымын танытуда. Өйткені тәуелсіз елдің болашағы біз қабылдаған шешімдерге байланысты. Осы атаулы күні әр отбасына бақыт пен амандық тілеймін. Біздің мемлекетке бірлік пен өркендеу қажет", - деді Ғалымжан Ниязов.
Қазақстандықтардың жартысынан көбі сайлауда дауыс беріп үлгерді

Бүгін президенттік сайлауда қазақстандықтардың жартысынан көбі үміткерлерге өз дауысын беріп үлгерді. 14:00-ге дейін дауыс берілген бюллетеньдер мөлшері тізімге енген сайлаушылардың 51,8%-зын құрады.
СҚО әкімі президенттік сайлауда дауыс берді

Құмар Ақсақалов сайлау жәшігінің жанында бюллетенмен түскен суретін Facebook парақшасына жариялады.
"Бүгін Қазақстан үшін маңызды оқиға - Президент сайлауы өтуде. Сайлау еліміздің, қоғамның және әр азаматтың болашағын айқындайды. Әр солтүстікқазақстандықтардың дауысы үлкен маңызға ие", - деп жазды облыс әкімі.
АҚШ-та тұратын алматылық бойжеткен алғаш рет сайлауға қатысты
Элвинаның туған қаласына оралуы сайлаумен тұспа-тұс келді.
"Үміткерді өзім таңдадым. Отбасымыздың таңдауы бір жерден шықты ма білмеймін, біз бұл мәселені талқыламадық", - деді бойжеткен.
Қарағанды облысының әкімі немересінің болашағы үшін дауыс берді

Ерлан Қошанов Головкиннің жекпе-жегі аяқтала салысымен сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
"Немерем жеті айлық. Мен оның болашағы үшін дауыс бердім", - деді ол.
Қостанай облысының әкімі өз таңдауын жасады
Архимед Мұмамбетов сайлау бюллетенін жәшікке салып, қала тұрғындарын аса маңызды саяси оқиғамен құттықтады.
Амандық Баталов жұбайымен бірге сайлауға келді

Алматы облысының басшысы Амандық Баталов өмірлік жарымен бірге Талдықорған қаласындағы №974 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Жалпы Алматы облысында 1040 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.
ОСК сайлауға қатысушылар жайындағы соңғы деректермен бөлісті
Сағат 14.00 ақпарат бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8% бюллетендерін алған.
Ақтау әкімі бірінші болып дауыс бергендердің қатарында

Ақтау әкімі Ғалымжан Ниязов тіркелу орны бойынша келіп, бірінші дауыс бергендердің қатарында. Қала басшысы тұрғындарды сайлауға белсене қатысуға шақырды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды белсенді болуға шақырды

Түркістан қаласындағы №133 сайлау учаскесіне келген облыс әкімі жастармен бірге өз таңдауын жасады.
"Еліміздің келешегін айқындайтын ерекше сәтте баршаңызды белсенді болуға шақырамын", – деді Өмірзақ Шөкеев.
Төлеутай Рақымбеков отбасымен бірге дауыс берді

"Ауыл" халық-демократиялық патриоттық партияның үміткері Төлеутай Рақымбеков өз таңдауын жасады. Үміткер сайлауға отбасымен бірге - жұбайы, балалары мен немерелерімен бірге келді.
Оралдық жас жұбайлар неке тойында сайлауға келді
"Бұл өміріміздегі ең маңызды оқиға! Неке тойымыз күні кезектен тыс сайлау өтетінін болды. Бүгін өз таңдауымызды жасадық", - деді олар.
Польшалық бақылаушы Қазақстандағы сайлауға таңғалды
Польшадан келген тәуелсіз халықаралық бақылаушы Виолетта Тереса Поровска сайлау ашықтығын баса айтып өтті. Сондай-ақ ол азаматтардың сайлауға белсене қатысуына таңғалған.
ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы сайлау барысына қатысты пікір білдірді
ТМШ бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедевтің пікірінше, бәрі ұйымдасқан түрде лайықты деңгейде өтуде.
Бас прокуратура жасырын насихат жүргізудің бірнеше фактісін анықтады
Бас прокуратура өкілдері заң бойынша сайлау күні насихат жүргізуге тыйым салынғанына қарамастан, жасырын насихат жүргізудің бірнеше фактісін тіркеген. Қазір аталмыш фактілер бойынша тергеу жүргізілуде.
Нұр-Сұлтанда сайлау мерекелік шараға айналды
Елордадағы 58 сайлау учаскесінде таңнан бері сайлауға келіп жатқан тұрғындардың қарасы қалың.
Учаске алдында патриоттық əндер ойнап, сыртта тіпті суретке түсетін арналған ерекше аймақ дайындалған.

ОСК сайлаушыларға қатысты жаңа мәліметтер шығарды
9 маусым күні сағат 12-дегі ақпарат бойынша сайлау бюллетендері 35,1% сайлаушы алған.
Әзірге заң бұзушылықтар жоқ

Румыниядан келген халықаралық бақылаушы Рареш Триф сайлау барысында заң бұзушылық байқамағанын мәлімдеді.
"Жастар, отбасылар, кішкене балалармен адамдар келіп жатқанын көрдім. Олар бақыттың, бұл жақсы нәрсе", - деді Рареш Триф.
Үміткер Әміржан Қосанов сайлау учаскесіне келді
"Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалыстың үміткері Әміржан Қосанов жұбайы Розамен бірге сайлау учаскесіне келді.

Сайлауға тойға келгендей киінген әжей жұртты сүйсінтті

Нұр-Сұлтан қаласының 80 жастағы тұрғыны сайлауға салтанатты киініп келген.
Бірнеше минуттан кейін №57 сайлау учаскесіне Әміржан Қосанов келеді деп күтілуде.
Осы сәтке дейін қанша қазақстандық дауыс бергені белгілі болды
Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, 9 маусымның сағат 10-дағы мәліметке сәйкес, сайлаушылар тізіміне енген жалпы сайлаушылар көлемінің 12,8% сайлау бюллетендерін алған.
БҚО әкімі президент сайлауында дауыс берді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласындағы №521 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол жерде ол ата-анасымен, жұбайы және балаларымен бірге келді.
Танымал скрипкашы Жәмила Серкебаева Алматыда дауыс берді

Жәмила Серкебаева Роза Рымбаева дауыс берген учаскеге келіп дауыс берді. Ол жерден белгілі скрипкашы сыйлық алып қайтты.
Оның сөзінше, ол әртүрлі елде жұмыс істегеніне және ол елдерден түскен ұсыныстарға қарамастан еліне адал екенін мәлімдеді.
Дәния Еспаева "Бісмиллә" деп жәшікке сайлау бюллетенін тастады

"Ақ жол" партиясы атынан ұсынылған жалғыз үміткер-әйел Дәния Еспаева сайлауда дауыс берді.
Ол №66 сайлау учаскесіне келіп, тіркеуден өтті. Сайлау бюллетенін алған үміткер, кабинкаға өтіп, дауыс берді.
Дәния Еспаева "Бісмиллә" деп жәшікке қағазды тастады.
Алматылықтар сайлаудан не күтетіндерімен бөлісті

№254 сайлау учаскесіне келген алматылықтар береке мен әл-ауқаттың артуын күтетіндерін мәлімдеді.
Ал бір тұрғын: "Біз бәрімен қамтылғанбыз. Басқа елдерде аштық болып жатыр", - деп мәлімдеді.
Ақтөбе облысының әкімі Головкиннің жеңісінен кейін дауыс берді
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мектептегі сайлау учаскесінде дауыс берді. Дауыс берген соң журналистердің сұрақтарына жауап берген әкім, "GGG" жекпе-жегіне қатысты сұраққа жауап берді.
"Головкиннің жекпе-жегін көрдім. Бұл біздің ортақ жеңісіміз деп ойлаймын", - деді әкім.
Мәскеуде сайлау басталды

Ресейдегі ҚР елшілігі жанынан ашылған №265 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша Қазақстан президентін сайлау басталды.
Бірінші сайлаушылар елшілік маңында таңғы 6-дан күткен.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев дауыс берді

Сайлау учаскесіне аймақ басшысы жұбайымен бірге келді. Олар бюллетень алу үшін кезекте тұрып, кабинкаларға өтті.
Бірінші болып дауысты әкімнің өзі берді. Ал жұбайы бірер минуттан кейін сайлау қағазын жәшікке салды.
Нығматулин: Қазақстан болашағына дауыс бердім

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан президентін сайлауға қатысты.
"Елбасының бағыты жалғасуы үшін, Қазақстан өркендеуі үшін сайлауға келдім!", - деп мәлімдеді ол.
Елбасы президент сайлауына келді

Елбасы Нұр-Сұлтан қаласындағы №58 сайлау учаскесіне келіп, Қазақстанның болашақ президентіне дауыс берді.

Нұр-Сұлтан әкімі таңдауын жасады

Нұр-Сұлтан әкімі президент сайлауына қатысты. Әкімдік сайтының жазуынша, қала басшысы №138 сайлау учаскесінде дауыс берген.
Халық әртісі Роза Рымбаева сайлауға келіп, дауыс берді

Халық әртісі Ұлттық кітапханадағы сайлау учаскесінде дауыс берді.
"Қазақстанның әр азаматы өзінің лайықты үміткерін таңдайды. Халық таңдауына лайық адам жеңіске жетеді деп ойлаймын. Нәтижелерді күтеміз", - деді Роза Рымбаева.
Оның сөзінше, бүкіл отбасы, ұлдары сайлауға белсенді қатысуда. Олар Жүргенев атындағы өнер академиясында дауыс беріп жатыр екен. Зейнеткер жасына таяған әпкесі де дауыс берген.
Ұлттық шапан киген Садыбек Түгел дауыс берді

"Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлесті атынан үміткер Садыбек Түгел өз даусын берді. Ол салауға ұлттық шапан киіп келді. Осы шапанмен ол теледебаттарға да қатысқан еді.
Сербиялық бақылаушылар Қазақстандағы президент сайлауына баға берді
Серибиялық халықаралық бақылаушы Драгомир Карич Қазақстандағы президент сайлауына баға берді. Оның сөзінше, сайлау мерекелік көңіл-күйде өтіп жатыр.
Сенат спикері Дариға Назарбаева өз таңдауын жасады

Ол даусын Нұр-Сұлтандағы 58 сайлау учаскесінде берді.
Кәрім Мәсімов президент сайлауына қатысты
ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов президент сайлауында өз таңдауын жасады. Ол сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді.

Тоқаев сайлауда президент сайлауында дауыс берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы Астана Опера ғимаратында орналасқан ең әдемі сайлау бөлімшесінде дауыс берді.

Тоқаев елімізде сайлау ашық және демократиялық жағдайда өтіп жатқанын мәлімдеді.
Шетелдік тілшілердің бірі Тоқаевке сұрақты ағылшын тілінде қойды. Президент, ағылшын тілін меңгергенін көрсетіп, ағылшын тілінде жауап қайтарды.
Кәсіподақтар федерациясының үміткері Амангелді Таспиқов өз таңдауын жасады
Кәсіподақтар федерациясының үміткері Ұлттық кітапханада ұйымдастырылған сайлау учаскесіне келді.

"Негізі, біз айтқан позициялардың барлығы құпталды. Бұл бізді қанаттандырып, сенімділік сыйлайды. Сондықтан таңертеңнен көңіл-күй жақсы, өзімді сергек сезінемін", -деді Таспиқов журналистерге.

Сайлауға келген Әбдірахымов шымкенттіктерді сайлауға қатысуға шақырды

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram-дағы оқырмандарын сайлау учаскелеріне баруға шақырды.
"Бүгінгі күн - мемлекетіміздің болашағын айқындайтын аса маңызды тариxи сәт. Бүгін біз ортақ болашағымыз - өркендеу мен даму үшін дауыс береміз. Алдымызда мемлекетімізді алға одан әрі жетелейтін ауқымды міндеттер тұр. Қазақстан дамудың даңғыл жолымен үлкен қадам жасарына сенімдімін. Баршаңызды сайлау учаскелеріне барып, дауыстарыңызды өз кандидатыңызға беруге шақырамын!", - деп жазды қала басшысы.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек сайлауға жұбайы мен ұлын ертіп келді

Дауыс беру кабинкасына алдымен қала басшысы кіріп, соңынан жұбайы өз таңдауын жасады.
Қала басшысы Орбита ықшамауданындағы жергілікті мектепте ұйымдастырылған сайлау бөлімшесінде дауыс берді.
Гүлшара Абдықалықова да дауыс берді
"Бүгін аса маңызды күн. Президент сайлауы - маңызды саяси оқиға. Тұрақтылық, болашақ, әділдік пен өркендеу үшін дауыс беремін", - деді премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова .
Ақтөбеде зейнеткер әжей сайлауға таңғы төртте келген

78 жастағы Қабира Құрманова сайлау учаскесіне таңғы төртте келді.
"Сайлау алтыда басталады деп ойладым. Сондықтан ертерек келдім", - деді ол.
78 жастағы әжейге сайлауға бірінші болып келгені үшін естелік ретінде сусабын сыйға тартылды.
"Жарқын болашақ күтеміз": алматылықтар президент сайлауында дауыс беруде

Алматы тұрғындары таңертеңнен бері таңдаған үміткерге дауыс беру үшін сайлау учаскелеріне асығуда.

"Таңдаған үміткерге дауысымды беріп, өз еркімді білдіргім келді. Сайлауда әрдайым жарқын болашақ күтеміз", - деді Алматы тұрғыны Анатолий.
Бақылаушы Ақбота Қасымованың сөзінше, бәрі тыныш өтіп жатыр. Тәртіп бұзушылықтар жоқ, бәрі ережеге сай.

ОСК сайлау учаскелерінің жұмысы туралы айтып берді
"Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 08.00 бойынша еліміздің барлық аймағында дауыс беру басталды. Жалпы 9920 учаске жұмыс істеуде.
Шел елде 15 елді 17 учаскеде сайлау басталды. Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Малайзия, Монғолия, Сингапур, Таиланд, Индонезия, Қырғызстан, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан.
Осы учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 947 995 адамды құрайды", - деді Сәбила Мұстафина.
Қылыордада сайлау қалай өтіп жатыр
Қызылорда қаласында сайлау комиссиясы учаскелерде таңғы 5.30, ал Нұр-Сұлтан уақытымен 6.30 жиналды. Қалада 113 сайлау учаскесі, облыс бойынша 366 учаске ашылды.

Әзірге ең жас сайлаушы 19 жастағы педогогикалық колледж студенті Айя болып отыр.
"Мен үміткерімді бірден таңдадым. Өз дауысымды соған беремін", - деп мәлімдеді бойжеткен.
Премьер-министр президент сайлауында дауыс берді
ҚазАқпарат хабарлауынша, Асқар Мамин Нұр-Сұлтандағы №138 сайлау учаскесінде дауыс берді.
ҚКХП атынан президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбеков сайлау учаскесіне келді

Үміткермен бірге анасы, жұбайы және де партия жетекшісі Айқын Қоңыров келді. "Қазақстан болашағы үшін дауыс беремін" деп, ол бюллетенді тастады.
Бақауов Павлодардағы жабық сайлау учаскесіне келді

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов №15 сайлау учаскесіне жұбайы мен төрт баласын ертіп келді.
Әкім сайлау басталуына 10 минут қалғанда келіп, ресми сайлау уақыты басталғанша күтуіне тура келді.
Бірінші болып келгенімен, аймақ басшысы алғашқы болып дауыс бермей, басқаларды өткізді.
Шетелде қалай және қайда дауыс беруге болады
Шет елде жүрген азаматтар Қазақстан елшілік өкілдіктері 51 ел аумағында ұйымдастырған 65 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Токиодағы №261 және Сеулдегі №258 сайлау учаскелері жұмыстарын жергілікті уақытпен 07.00 бастап, сайлауды ашты.
СІМ ақпаратынша, Сеулде алматылық Валерий Ким бірінші болып дауыс берді.
Ел бойынша сайлау таңғы 07.00 мен кешкі 20.00 арасында өтеді.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы өкілеттілігін тоқтатты. Ел басқару құқы сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті.
9 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдады. Ол елде кезектен тыс сайлау өтетінін жариялады.
Орталық сайлау комиссиясы жалпы жеті үміткерді тіркеді -Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыбек Түгел, Аменгелді Таспиқов, Дәния Еспаева, Төлеутай Рақымбеков, Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосанов.
Үміткерлердің сайлау алды үгіт-насихаты 11 мамырда басталып, жетінші маусымға дейін жалғасты. Кеше 8 маусым күні Үнсіздік күні болды.