jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Снарядтар көшеде жатыр": Тұрғымбаев Арысқа адамдарды неге кіргізбейтінін айтты

    : UGC

    Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арысқа ат басын бұрған соң өз әсерімен бөлісті. Сондай-ақ, ол қалаға неге ешкімді кіргізбей жатқанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Фото: Хабар 24
    Фото: Хабар 24: UGC

    Үкімет отырысында Ішкі істер министрі журналистердің өтініші бойынша қаладағы жағдайды баяндады.

    Министрдің сөзінше, қала толығымен қоршауға алынған. Адамдардың өміріне нақты қауіп төнгендіктен ол жаққа ешкім жіберіліп жатқан жоқ.

    ІІМ басшысы қала көшелерінде оқ-дәрі қоймаларынан ұшып кеткен, жарылмаған снарядтар жатқанын түсіндірді. Қала осыған байланысты қоршауға алынған.

    Журналистердің жарылыс қаупі сақталған қалада болу үрей тудырды ма деген сұрағына министр: "Маған қорқынышты болған жоқ. Қалада тонау фактілері болмас үшін 75 автокөліктік және жаяу патрульдер жұмыс істеп жатыр", - деп жауап берді ол.

    Сондай-ақ, министр бүгін саперлер жұмысқа кіріскенін алға тартты.

    Оның сөзінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалған. Алайда, Төтенше жағдайдың себептері туралы айту ерте, себебі қоймалар әлі түгел қаралмаған.

    Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

    Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

    Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

    Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

    Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстықтарға көмек беріп жатқан халыққа алғысын білдірсе, Тұрғымбаев өртті не себепті сөндіре алмай жатқанын түсіндірді.

    Сондай-ақ, жарылыс күні Арыста ұялы байланыс неге істен шыққаны, қазіргі уақытта қаланың жағдайы қандай екені белгілі болды.

    Айта кететін жайт, жойқын жарылыс болған өңірде мешіттің әйнектері аман қалған.

    "Снарядтар көшеде жатыр": Тұрғымбаев Арысқа адамдарды неге кіргізбейтінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.